Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

Кәсіби деңгей

Тіл: Қазақ

Категория: Білім беру

Автор: Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек

Жүктеу күні: 07.04.2021

Ұзақтығы: 7 тақырып, 72 сағат

Бағалады: 0
10 000 тг
Сатып алу
Сипаттамасы

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жылы сезім мен кішіпейілділік керек болса, білім беру үшін ұстазға, мектеп психологтарына көп еңбек пен төзімділік қажет. Оларға әрқайсысына жеке жол тауып, оның психологиялық ерекшелікеріне күнделікті бейімделе отырып, оқу бағдарламасына сай білім беру керек. Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыруды жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен Интернеттің жаһандық желісі айрықша талаптары бар балалар алдынан білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Жаңа ақпараттық құралдарды қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білімді жеңіл меңгеруге көмектеседі;
- оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастырады.
- бірлескен әрекеттің түрлерін ұйымдастыру арқылы топтық орта құру.
Сонымен қатар әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгерту мүмкін. Олар сабақтан тыс уақытта жоспарлауға сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға қолайлы.
Білім беру жүйесіне баланың интеллектуалдық мүмкіндігіне денсаулық жағдайына, отбасындағы материалдық баршылығына қатысты, толық білім базасын тең жеткізуді қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесінде мемлекеттік құқықтық пен азаматтық қоғамда адамдарды тек қана өмір сүру үшін дайындау емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі балалары үшін сапалы базалық білім беруді ұйымдастыра отырып, қазіргі кезеңде арнайы білім беру ретінде педагогикалық үрдісті қайта құруды талап етеді. Инклюзивті білім берудегі түрлі мамандардың ынтымақтастығы қажет: мұғалімдер, бала- бақшадағы тәрбиешілер, мұғалім- логопедтер, мұғалім- дефектологтар, педагог-психолог, әлеуметтік- педагог, дәрігер. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Оқушыға түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, өз бетімен тапсырмаларды орындауда, қателіктерін табуға және оларды жоюға мүмкіндік береді.
Сондықтан да инклюзивті білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша бағдарламаларын құрастырып, түзете- дамыту жұмыстарын жүргізсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігі зор екендігі белгілі.
Инклюзивті оқытуда мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу туралы білу және жаңа технологияларды игеріп, оқушы танымы мен қызығушылығын арттырып, ақпараттық–коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады. Баланың дамыту қабілетінің кешеуілдеуіне компьютерлік технологияның қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда тигізетін әсері мол. Өзім сабақ беретін оқушы үкімет тарапынан толық компьютерлік жабдықтармен қамтылды. Интернет желісіне қосылып, үй тапсырмасын және қажетті деректерді ала отырып, онлайн режимінде байланыста болады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану: біріншіден - оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден - балалардың танымдық қабілетін ашады, үшіншіден - сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтереді.
Мүмкіндігі шектеулі бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет.
Сөзімді қорыта келгенде, бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем! Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ
Курсты игеру үшін не білу керек
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни, адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, денсаулығына қарамастан өмір сүруге құқылы жеке тұлға ретінде білім беру үрдісіне араластыру болып табылады. Барлық балалардың тек қана ерекше білім беруді қажетсінетін балалардың ғана емес, әр баланың қажетсінулерін қанағаттындырады. Инклюзивті білім беру балалардың дамуындағы ауытқуларға қарамастан шынайы ортада бірдей бағдарламамен оқып, білім алуын қамтамасыз ететін тәсіл.
Бұл курс кімге арналған
Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және осы саланы оқып үйренуге қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған курс.
Курсты аяқтағаннан кейін студенттер қандай нәтижелерге қол жеткізді?
Білім алушылар курстың соңында ауызша (сұрақтар) немесе жазбаша (бақылау және өзіндік жұмыстар) формаларда тексеріледі, жеке өзіндік жұмыстарды (реферат, баяндамалар, сызбанұсқалар және т.б.) тапсырып, соңында тест тапсырады.
Техникалық талаптар
Компьютер, ноутбук немесе смартфон
Курстың мазмұны
Тақырып 1. Инклюзивті оқытудың мақсат, міндеттері және ерекшеліктері
Тақырып 2. Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару, технологиясы
Тақырып 3. Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне педагогикалық технологияның деңгейін зерттеу және талдау мақсаттары мен міндеттерін таңдау
Тақырып 4. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғаларды қашықтықтан оқыту. Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
Тақырып 5. Интеграциялық оқыту жағдайында ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Кредиттік оқыту технологиясы
Тақырып 6. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес беру және қағидалары
Тақырып 7. Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару. Инклюзивті білім беру жағдайында бағалау жүйесін жетілдіру
Курс оқытушылары
Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек

Специалист методики преподавания

Толығырақ
Орташа рейтинг: 0
Студенттер: 427
Курстар: 272
Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек
10 000 тг
  • Ұзақтығы:
    6 тақырып, 72 сағат
  • Машықтың талап етілетін деңгейі:
    Кәсіби деңгейі
  • Санат:
    Білім беру
  • Санатша:
    Басқару
  • Тіл:
    Қазақ тілі
Жасыру
Толығырақ
Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек
10 000 тг
  • Ұзақтығы:
    6 тақырып, 72 сағат
  • Машықтың талап етілетін деңгейі:
    Кәсіби деңгейі
  • Санат:
    Білім беру
  • Санатша:
    Биология
  • Тіл:
    Қазақ тілі
Жасыру
Толығырақ
Ахметкереева Жанар
10 000 тг
  • Ұзақтығы:
    10 тақырып, 34 сағат
  • Машықтың талап етілетін деңгейі:
    Бастапқы деңгей
  • Санат:
    Білім беру
  • Санатша:
    Математика
  • Тіл:
    Қазақ тілі
Жасыру
Толығырақ
Тлеужанова Манатжан
20 000 тг
  • Ұзақтығы:
    10 тақырып, 30 сағат
  • Машықтың талап етілетін деңгейі:
    Бастапқы деңгей
  • Санат:
    Білім беру
  • Санатша:
    Экономика
  • Тіл:
    Қазақ тілі
Жасыру
Толығырақ