Преподаватель
Биография:
Мен, Байымбетова Жүзімкүл Арзымбетқызы 1955 жылы Төлеби ауданы, Әңгір-Ата (қазіргі Кемеқалған) ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. 1971 жылы Төлеби ауданы, «Абай» орта мектебін медальмен бітірдім. 1971-1973 жылдары туған ауылымда еңбек етіп, Төлеби аудандық Кеңесінің депутаттығына сайландым. 1973-1974 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының даярлық бөлімінде, 1974-1978 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінде «Лениндік стипендиямен» оқып, 1978 жылы институтты үздік бітірдім. Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының күндізгі бөлімінде оқып жүріп, кешкі екі жылдық шет тілдері курсын үздік бітірдім. 1978-1980 жылдары Төлеби ауданы «Ақбастау» орта мектебінде, 1980-1990 жылдары Шымкент қаласындағы №37 орта мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым. 1984 жылы Қаз ССР Оқу министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталдым. 1985 жылы Қаз ССР Оқу министрлігінің №151 бұйрығымен «Оқытушы-методист» атағын алдым. 1990-1996 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқардым. 1994 жылы ҚР ҰҒА Тіл білімі институтында ф.ғ.д., проф. А.Хасенова-Қалыбаеваның жетекшілігімен «ҚТТС-тегі етістік баяндауыштардың грамматикалық сипаты» деген тақырыпта «10.02.06 - түркі тіл білімі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғадым. 2002 жылы «10.02.02 - тіл білімі» мамандығы бойынша ЖАК-тың шешімімен доцент атағын алдым. 1996-1999 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Тіл білімі кафедрасында, 1999 жылдан ХҚТУ ШИ-дің қазақ тілі кафедрасында доцент қызметін атқардым. Менің өнегелі өмірім мен еңбек жолым туралы 2002 жылы Алматы, «Тоғанай Т» баспасынан шыққан «Қазығұрт» энциклопедиясына (33-бет) енген. 2011 жылдың қыркүйегінен ОҚМПУ-дің қазақ тілі және қазақ әдебиеті, Бастауышта оқыту әдістемесі кафедраларында доцент қызметін атқарып келемін. ҚР БҒМ Куәлік аккредиттеу туралы Астана қаласы, 2013ж.04 сәуір. Ғылым туралы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, аккредиттелгенмін. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық «Нұр Отан» партиясының «Алғыс» Громатасымен марапатталдым. 2017 жылы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл» төс белгісімен марапатталдым. 2018 жылы ҚР Авторлық құқықпен обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік («Патент») 2018 жылғы 2 қараша, № 404. каулысы бойынша «Қазіргі заманғы қазақ тілі» (оқу құралы) атты оқу құралым зияткерлік меншік объектісіне тіркелді. Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізілген. Менің ғылыми-әдістемелік еңбектерім Ресей, Украйна, Тәжікстан т.б. шет елдерде жарияланып тұрады. Менің 134 ғылыми еңбектерім мен мақалаларым жарияланған. 29 оқу құралдарым жарияланып, жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізілген. Оқу құралдарым: «Қазақ тілін үйренейік» оқу құралы (1998), «Етістікті оқыту» оқу құралы (2002), «Қазақ тілінің морфологиясынан методикалық кеңес және бақылау пысықтау жұмыстары» оқу құралы (2003), «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» оқу құралы (2005), «Тіл біліміне кіріспе» оқу құралы (2007), «Тіл біліміне кіріспе (Практикалық курс) оқу құралы (2008), «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясының теориялық және практикалық курсы» оқу құралы, І, ІІ кітап (2011), «Тіл білімінің теориялық және практикалық курсы» оқу құралы (2011), «Тіл білімі» оқу құралы (2012), «Морфология» оқу құралы (2012), «Қазақ тілінің сөзжасамынан лекциялар жинағы» (2012), «Қазақ тілінің морфологиясынан лекциялар жинағы» (2012), «Тіл біліміне кіріспеден лекциялар жинағы» (2012), «Жалпы тіл білімі» (2012) оқу құралы, «Қазіргі қазақ тілі.Морфология» Электронды оқулық. Шымкент 2013., «Педагогикалық іс-тәжірибеден өту» (Оқу-әдіст. құрал) Шымкент 2014., «Қазақ тілінен дидактикалық материал дайындау әдістемесі». (Оқу құралы) Шымкент 2014., «Қазақ тілінен дидактикалық материал дайындау әдістемесінің практикалық курсы» (оқу құралы). Шымкент 2014., «Педагогикалық іс-тәжірибеден өту» (Оқу құралы) 2-бөлім. 2015., «Кәсіби қазақ тілі» (Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған) Шымкент. 2016.,«Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінің грамматикасы» (монография).Шымкент,2016.,«Қазіргі қазақ тілінің негіздерінен лекциялар жинағы.Шымкент.2016., «Бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесі».(Оқу құралы), 2017. т.б. оқу құралдарым жарияланған. «Етістік түбіріне сіңіскен қосымшалар» атты докторлық диссертацияымның тақырыбы 2001 жылы бекітіліп, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Жарияланған ғылыми-әдістемелік мақалаларым:«Етістіктердің анлауттағы дыбыстық өзгешеліктері» «Инновациялық технологиялар арқылы білікті мамандар қалыптастыру мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент-Москва, 2010,330-335 бетт., «Мәнсіз көмекші етістіктер» «Ғылым мен білімдегі инновациялық технологиялар»атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 1 бөлім, 41-46 беттер, Ш., 2011. «Сөз, сөздің негізі, сөздің түбірі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет - конференция материалдары, 1-том, Шымкент-Мәскеу.,2012, 96-101 беттер, «Қазіргі қазақ тіліндегі түбір етістіктердің кейбір мәселелері», «Көп тілді білім беру негізінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Ш., 2012.48 -55 бетт., «Қазақ тіліндегі түбір сөздердің мәселелері». Оңтүстік Қзақстан облысының 80 жылдығына арналған »Білім сапасы – білім беру тәжірибесінің үдерістерінің және нәтижелерінің құрамды бөлігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжіибелік конференция материалдары, 05-06 желтоқсан 2012жыл, 1 том, 181-185 беттер, «Қазіргі қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің тарихи негіздері». Журнал»Білім берудегі менеджмент» Хабаршысы.№2. 2013., «М.Қашқаридың «Сөздігі» қазақ тілі грамматикасының негіздер». «Байтанаев оқулары»-1: Халықаралық білім беру кеңістігіне қазіргі кезеңдегі педагог мамандарды даярлау үрдісін интеграциялау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 1 бөлім, Шымкент-2013., 116-123 беттер., «Шылаулардың зерттелуі» «Байтанаев оқулары»-1: Халықаралық білім беру кеңістігіне қазіргі кезеңдегі педагог мамандарды даярлау үрдісін интеграциялау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2 бөлім, Шымкент-2013., 61-67 беттер., «Ғалымдардың ұстазы» «Орда kz» газеті., 24 мамыр, №09(82),2013.Республикалық қоғамдық-ақпараттық апталық, 3-4 беттер., «Бекасыл Биболатұлының «Жұлдызнама» атты еңбегіне пікір. «Қазақтану» Халықаралық ғылыми журналы, № 1 (26), 2013ж., 65-бет., «Т.Әбдіктің көркемдік әлемі» «Ұстаз – ұлттың тірегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.Шымкент -2013. 236-240 беттер., «Күрделі сөздердің өзекті мәселелері» «Білім жүйесіндегі инновациялық және ақпараттық технологияның дамуы - мамандар дайындаудың негізгі бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Шымкент 2014. 95-99 беттер., «Күрделі сөздердің сөзжасамы» «Бәсекеге қабілетті қоғам тірегі-ұстаз: «Мәңгілік ел»-ұрпақтың мәңгілік болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Материалдары., 11 бөлім. Шымкент-2014, 69-67 беттер., «Ауыз әдебиетінің грамматикалық ерекшелігі» Қ.И.Сәтпаевтың 115 жылдығына арналған Халықаралық-тәжірибелік конференция материалдары. 248-254 беттер. Шымкент-2014., «Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану» Журнал «Педагог құзіреттілігі»,№6.,ОҚМПИ, Шымкент-2014 «Қазақ тілі сабағында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану» «Байтанаев оқулары»-2: Халықаралық білім беру кеңістігіне қазіргі кезеңдегі педагог мамандарды даярлау үрдісін интеграциялау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент-2014, «Көмекші есімдердің кейбір мәселелері»Журнал «Педагог құзіреттілігі»,№5.,ОҚМПИ, 234-239беттер. Шымкент-2014, «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне инклюзивті білім берудің теориялық және әдістемелік негіздері», РИНЦ.Proceedings of the 111 Inter nasional Scientific and Praktikal Conference «Scientific Issues of the Moder nity» (April 27,2017, Dubai, UAE), РИНЦ «Полилингвальный подход к обучению материала по култ. речи на заниятиях элективного курса»,Сбор.статей Международная научно-практическая конф. РФ.г.Казань. Стерлитамак. 6.10.2017 г., «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық – педагогикалық аспектілері» ЖАК. Журнал «Наука и жизнь Казахстана. Қазақстанның ғылымы мен өмірі» (Международный научно-популярный журнал.ISSN 2073-333Х. № 6 (50) 2017. Педагог-ика. PEDAGOGY. 170-173 беттер. Астана - 2017., «Қазақ жазуының тарихы» Министерство образования и науки Республики Таджикстан.Тәжік педагогикалық институтының «Институт хабаршысы» журналы.88-93 беттер. Г. Пенджикент. 2018., «Интерактивное технологии обучения по формированию креативности студентов» РИНЦ 1V Міжнародна наукова-практична конференція.95-ій річниці від дня заснування Сумського державного педагогічного університету іміні А. С.Макаренка присвячуэться «Особистість у кризових умовах та критичних ситуаціях життя.22-23 лютого 2018 р материали конференціі.Украйна-Суми-2018.323-325 стр., т.б. жарияланды. Шәкірт дайындаудағы еселі еңбегім үшін көптеген Громаталармен марапатталдым. Дайындаған шәкірттерім ҚР ЖОО өткізілетін «Ең үздік ғылыми жұмыс» атты республикалық байқауларда үздік деп танылып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталған. 6 магистрлік диссертацияға ғылыми жетекшілік жасадым.
Язык:
Қазақ