Кәсіби деңгей
Тіл: Қазақ
Категория: Білім беру
Автор: Тулеубаев Жақсыбай
Жүктеу күні: 17.05.2021
Ұзақтығы: 9 тақырып, 72 сағат
Биофизика пәні – тірі организм, ұлпа, жасушаларда өмір сүру процесінің негізі болып табылатын физикалық, физико-химиялық құбылыстарды және физикалық факторлардың организмге әсерін зерттейтін биологиялық ғылым болып саналады.
Биофизика курсы студенттерді биофизиканың негізгі түсініктерімен және заңдылықтарымен, тірі жүйелерге физика заңдарының қолданылуымен таныстырып, биолог маманның іргелі-теориялық базасын қалыптастырады.
Курстың мақсаты - студенттерге биофизикалық процестердің ерекшеліктері мен объектілері жайында, биологиялық процестер мен құбылыстарға негізгі биофизикалық тәсілдерді қолданылуы жайында тереңдетілген білім беру, биофизиканың негізгі заңдары мен принциптерімен, биофизиканың теориялық тәсілдерімен және биофизиканың қолданбалы аспектілерімен таныстыру.