Кәсіби деңгей
Тіл: Қазақ
Категория: Білім беру
Автор: Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек
Жүктеу күні: 31.05.2021
Ұзақтығы: 9 тақырып, 72 сағат
«Экология және табиғатты пайдалануда ГАЖ» бөлімі қоршаған орта құрамбөліктерінің, жалпы ландшафттың жағдайы туралы, сонымен қатар арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыруды (ГАЖ-технологиялары) қолданып табиғи және техногенді жағдайлады сандық және сапалық деректердің мүмкіндігі мен кеңістікті түсінігі ерекшелігін зерделейді.
Қopшaған ортаны қорғаудың аймактық кешенді сұлбасын жобалау – аймақтық бағдарламалардың әртүрлі деңгейде дайындалуының әдіснамалық негізін; қоғам мен табиғаттың қатынасын реттеу мен стратегиялық жоспарлауды; қоршаған орта жағдайын болжауды; зерттелетін аймақтағы экологиялық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістемесін зерделейтін пән.
Пәнді оқыту мақсаты: Пәннің мақсаты: магистранттарды территорияның тұрақты дамуын басқару, жобалау, табиғат нысандарының құрлысы мен қолданыста болу мәселелерін шешу үшін геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) жобалау туралы түсінік беру.
Пәнді оқыту міндеті:
-
ГАЖ идеологиясы мен оқытылатын басқа да пәндердің арасындағы орнын түсіну; ГАЖ құрлымы және оның бөліктері туралы, ГАЖ-дің негізгі қыземт ету принциптері туралы, қазіргі заман ГАЖ-нің аналитикалық мүмкіндігі туралы теориялық білім алу:
-
ГАЖ терминологиясын, әртүрлі деректерді алу, сақтау, редакциялау әдістерін, геоөңдеу құралдары мен аспаптарының әртүрлілігін, деректерді талдау әдістері мен нәтижелерін білу;
-
әртүрлі ГАЖ-мен жұмыс жасау дағдысын алу;
-
қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік, аймақтық, кәсіпорындық деңгейде басқару принциптері мәселесінің маңыздылығын көрсету;
-
өндірістік күштердің орналасуы мен дамуы немесе қоршаған ортаға кері әсер келтіретін интенсивті басқарма, шаруашылық, инвестициялық және басқа да қызметтер жүргізілуі жоспарланатын территорияларға қолданысты қошаған ортаның кешенді сұлбасын әзірлеу бойынша дағдыландыру.
Специалист методики преподавания
Толығырақ