Кәсіби деңгей
Тіл: Қазақ
Категория: Білім беру
Автор: Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек
Жүктеу күні: 05.12.2019
Ұзақтығы: 5 тақырып, 72 сағат
Эндокринология – эндокриндік бездердің құрылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер – гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым. Эндокринология ғыл. пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. 20 ғ-дың бас кезінде әр бездің организмнің дамуын, тіршілік әрекетін реттеу процестерінде маңызы бар екені ашылып және олардың өзара байланысы анықтала бастады. Мұнымен қатар эндокринді органдар қызметінің үдеп не кеміп кетуінен немесе олардың өзара байланысы, т.б. ауытқуларынан пайда болатын бірқатар аурулар жөнінде мәліметтер жиналды. Эндокринологияның бұдан кейінгі дамуы әр түрлі ішкі секреция бездері түзетін гормондарды бөліп алу бағытында жүріп, гормондық препараттарды эндокринді және бірқатар эндокринді емес ауруларды емдеуге пайдалануға мүмкіндік берді. Жануарлар эндокринді бездерінен гормондық препараттар алынды. Эндокринологияның негізгі мәселелері ішінде жүйке жүйесі мен эндокринді жүйелердің өзара байланысын зерттеудің үлкен маңызы болды. Эндокринология деректері зоотехния мен ветеринарияда да кең қолданыла бастады.
Специалист методики преподавания
Толығырақ