Образовательная платформа Damutek | Сотни онлайн курсов

Сұрақтар тобын құру

Жаңа тақырыпты жасағаннан кейін немесе сол жақтағы тізімнен тақырыпты өңдеуді таңдағаннан кейін, оның астында «Жаңа топтама құру» батырмасы пайда болады. Топтама құрыңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.



«Тест тобының қосымша мүмкіндіктері» бөлімінде топ үшін 2 жаңа элемент пайда болды:

1) «Тесттегі осы топтамадағы сұрақтардың санын шектеу»

Егер, мысалы, топтамада 10 сұрақ болса, тақырып бойынша 3 топтама бар, онда курстағы бұл тақырыптағы сұрақтардың жалпы саны 30 болады. Бұл өте көп, сондықтан икемді реттеудің мұнандай мүмкіндігі іске асырылады. Осы тармақта көрсетілген «3» саны тестте топтамадағы 10 сұрақтың ішінен кездейсоқ 3 пайдаланылатынын білдіреді.

2) «Осы топтамадағы сұрақтар санын қорытынды тестте шектеу»

Бұл элемент алдыңғыға ұқсас. Тек курстың барлық кезеңінде соңғы тестідегі сұрақтар санын реттеу үшін қолданылады. Курстың қорытынды тесті курстың барлық тақырыптарының сұрақтарынан жиналады.

Барлық өрістерді толтырғаннан кейін және «Топтаманы қосу» батырмасын басқаннан кейін, тест топтамасында сол жақта құрылған топтаманың атауы пайда болады.

Біз осы топтағы сұрақтар мен жауаптарды толтыруға көшеміз. Топта кемінде бір сұрақ болуы керек. Сұрақтар екі түрде болуы мүмкін:

Сұрақтардың ішінен бір ғана дұрыс жауапты таңдау

Сұрақтардың ішінен бірнеше дұрыс жауабтарды таңдау