Профессиональный уровень
Язык: Казахский
Категория: Образование
Автор: Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек
Дата загрузки: 27.09.2020
Длительность: 15 тақырып, 72 сағат
«Физиканы оқыту әдістемесі» курсы физиканың оқу пәні ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, дидактиканы нақтылай түседі, психологиялық дидактикалық негізде жалпы әдістемелік идеяларды, қағидалар мен нұсқаулықтарды жасайды, сонымен қатар осы білімдерді мектеп математика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренуде қолданудың жолдарын айқындайды. Курс негізінен алғанда, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерде физика пәні мұғалімдерінің кәсіби дайындық деңгейінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған
Мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде физиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Міндеттері:
– физиканы оқыту барысындағы педагогикалық процестің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтарын, тенденденциялары мен даму болашағын оқып-үйрену;
– жалпы білім беретін мектепте физиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін оқып-үйрену;
– физиканы оқытудың педагогикалық процестің жалпы әдіснамасынан туындайтын әдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын іріктеумен байланысты ғылыми түсініктерді қалыптастыру;
– физиканы оқыту процесінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып-үйрену;
– физиканы оқыту барысында техникалық құралдар мен заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін оқып үйрену;
– мектеп физика курсын ізгілендірумен, саралаумен және оқу процесін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы физиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру;
– білім алушылардың физика мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық және зияткерлік сапаларын дамыту.
Специалист методики преподавания
Подробнее