Профессиональный уровень
Язык: Казахский
Категория: Образование
Автор: Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек
Дата загрузки: 08.12.2019
Длительность: 6 тақырып, 72 сағат
Қазіргі заманда білім беру жүйесіндегі менеджментінің мазмұны басқарудың теориялық –практикалық мәселелерін, заңдылықтарын және тәжірибесін қамтиды. Нарықтық экономиканың даму барысында мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік саясат пен нарықтық механизмнің арақатынасы, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық іскерлік циклдің ерекшеліктері, экономикалық мәселелерге байланысты үкімет шешімдерін қабылдау және орындалу механизмі және экономикалық саясаттың бағыттарын зерттеудің маңызы зор.
Әрбір адам ұйымдастырушылық және басқарушылық қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Жыл өткен сайын бұл қатынастардың неғұрлым алуан түрлілігі келеңсіз басқарушылық жағдайларға әкеледі. Сәйкесінше, бұл жауап берудің белгілі стратегиясын, дұрыс шешім қабылдауды талап етеді. Қателікке ұрынбас үшін басқару теориясын, жалпы заңдар мен қағидаларды білу қажет. Басқару мәнін, негізінен әлеуметтік басқаруды (адам әлеуметтік үрдіс ядросы болғандықтан), оның ішкі құрылымын түсіну білімді басқарудың толықтай картинасын жасауға көмектеседі.
Специалист методики преподавания
Подробнее