Профессиональный уровень
Язык: Казахский
Категория: Образование
Автор: Преподаватель Дамутек Оқытушысы Дамутек
Дата загрузки: 07.10.2020
Длительность: 5 тақырып, 72 сағат
Метеорология (ежелгі грекше μετεωρο-λογία - «аспан құбылыстары туралы пайымдау», ежелгі грек тілінен μετ-έωρα - «аспан құбылыстары» (ескі грекше μετέωρος metéōros - атмосфералық және аспандық құбылыстар, «аспан») + ежелгі грекше λογία - ғылым) жер атмосферасының құрылымы мен қасиеттері және онда болып жатқан физикалық-химиялық процестер туралы ғылыми және қолданбалы білім саласы.
Климатология (климат және logos – ілім) – климат және оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы және уақыт бойынша өзгеруі туралы ғылым. География ғылымдары жүйесіне кіреді. Климат қалыптастырушы процестердің табиғаты геофизизикалық болғандықтан, Климатология геофизизикалық ғылым ретінде метеорологиямен тығыз байланысты. Кейде климатологияны метеорологияның географилық бөлімі ретінде қарастырады. Көп жылдық метеорологиялық бақылау деректерін статистикалық өңдеуден алынған климат типтері және олардың Жер шарында таралуы туралы нақты материалдар климатографияның (климат және грек. grapho – жазамын, сипаттаймын) мазмұны болып табылады.
Специалист методики преподавания
Подробнее