Образовательная платформа Damutek | Сотни онлайн курсов


Өзіңіздің тәжірибеңіз және біліміңіз терең саланы таңдаңыз. Курс атауы тек мазмұнды ғана емес, сонымен қатар студенттердің қызығушылығын тудыруы керек. Сұраныспен қолданылатын курсты әзірлеу мақсатында желі пайдаланушыларының сұраныстарына талдау жүргізу ұсынылады. Тақырыпты қалыптастыру үшін 50 таңбадан артық пайдаланбаңыз.

Курстың қысқаша сипаттамасы 170 символдан аспауы және курстың мазмұнын нақтылауы тиіс. Зерттеулер көрсеткендей, бұл бөлім курсқа тіркелу туралы шешім қабылдау кезінде студент үшін маңызды.

Өз аудиторияңызды анықтаңыз. Егер Сіздің әзерлеген курсын неғұрлым ерекше болса, онда соғұрлым көп жазылымдар аласыз. Өйткені, әдетте, "Барлық адамадар үшін жазылған курстар" бұл "Ешкімге пайда келтірмейтін курстар". Студенттер әлеуетті аудиторияны сипаттауда өздерін танулары керек, онда олар дәл өздеріне не керек екенін білетін болады.

Қойылатын талап арқылы студент курсты өту үшін қандай білім деңгейі қажет екенін түсінеді.

Оқытушы туралы мәліметтер. Сіздің біліктілігіңіз туралы тек фактілерді сипаттаудан басқа, оқылатын пәнге деген құмарлығыңызды дәлелдейтін ақпаратты осында көрсетуге және сіздің өміріңіздің кейбір фактілерімен бөлісуге кеңес береміз, бұл сіздің сипаттауыңызды одан да адамгершілік және тартымды етеді тіпті қызықты болуы мүмкін.

Курстың суреті назар аударатындай, ақпараттық болуы тиіс, өйткені оны негізгі беттерде курстар топтастырылған жерден көре алады.